Жаңалықтар
Республикалық спартакиада басталды
Мүміндігі шектеулі спортшылар елордада бас қосты. Олар республикалық спартакиада аясында 14 бағыт бойынша сынға түседі. Бұл жолғы бәсекеге 1700 қатысушы келді. Айта кетейік, бұл ұзақ үзілістен кейінгі ең ауқымды шаралардың бірі. Жарыстың ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, паралимпиадада топ жарған жерлестерімізге арнайы төсбелгі табыстады. Спартакиаданың алғашқы күні парадзюдо, паратаэквондо және нысана көздеу бойынша жарыстар басталды. Бұған қоса, жеңіл атлетика мен жүзу шеберлерінің іріктеулері өде тті. Елордадағы спорттық сайы 5-ші қазанға дейін жалғасады.