Рейтингтік жарысқа дайындық
Сметов пен Серікжанов тізімге енді. Бірер күннен кейін дзюдодан «Grand Slam» бәсекесі басталады. Бұл жолғы жарысты Ташкент қабылайды. Осыған байланысты ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі жарияланды. Оған 60 келідегі Елдос Сметов пен 66 келідегі Ерлан Серікжанов қосылған. Бұл спортшылар ақпан айында Израильде өткен бәсекеге бармап еді. Бұған қоса, Елдостың салмағында тағы бір жерлесіміз Дархан Болатбеков өнер көрсетеді. Кемелбек Молдаш (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Руслан Мұсаев (81 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Асылан Сағитбек (90 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг), Арман Қалиев (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг), Ғалымжан Қырықбайлар да (+100 кг) Өзбекстанға аттанады. Бас-аяғы 14 спортшы бар. Айта кетейік, Тель-Авив қаласындағы жарыста Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды. Бұл биылдыққа жерлестеріміз жеңіп алған жалғыз және әзірге алғашқы медаль.