Жаңалықтар

Рамазан Айнегов – Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері

19 қазан Бахрейнде басталған ІІІ Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында триатлон спорты бойынша Астана құрамасынан Алуа Нұрмұхамет пен Рамазан Айнегов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бақ сынауда.

23 қазанда астаналық спортшы Рамазан Айнегов супер-спринт қашықтығында тамаша нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды.

Жарыс 25 қазанға дейін жалғасады. Елордалық спортшыларымызға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button