Жаңалықтар
Қытайда жабық ғимаратта өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан ұлттық құрамасы алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. Финалдық жарыста қазақстандық спортшылар 3:38.02 уақыт нәтижесін көрсетіп, Қытай құрамасынан басым түсті. Бұл эстафетада ел намысын астаналық жеңіл атлет Кристина Кондрашова қорғады.
Сондай-ақ ерлер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Құрама сапында елордалық спортшы Мәди Төкенов өнер көрсетті. Қазақстандық төрттік мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, 3:12.23 нәтижесін тіркеді. Аталған жарысқа барлығы алты команда қатысты.
Айта кетейік, чемпионатқа Азияның 35 елінен 400-ге жуық спортшы қатысып, құрлықтық додада кіл мықты бақ сынасты.





