ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

ҚОС АЛТЫН ИЕЛЕНГЕН АСТАНАЛЫҚ ПАРА КАРАТЭШІЛЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бүгін елордалықтар Бергамо қаласынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді халықаралық әуежайдан қарсы алды. Қос алтын иеленген астаналық пара спортшыларды ұран сөздер жазылған плакаттармен, гүл шоқтарымен күтіп алған жанкүйерлері мен спорт саласының мамандары жерлестеріне ерекше құрмет көрсетіп ризашылықтарын білдіріп жатты. Ал жерлестеріміз қолдау білдірген туған туысқандарымен, жанкүйерлеріне алғыстарын айтты.

– «Ең алдымен қолдау білдірген жақындарыма, достарыма, жанкүйерлеріме алғыс білдіремін. Бұл үлкен жеңістерге жол ашатын жетістік деп білемін. Енді арман мақсат осындай ірі халықаралық жарыстардың ареналарында көк байрағымызды қашанда желбіретіп биіктен көріну»,- дейді әлем чемпионатының жеңімпазы Дидар Мұхамеджанов.

Еске сала кетейік, дүниежүзідік дода Италияның Бергамо қаласында өткен жарысқа әлемнің 16 елдің спортшылары қатысып, астаналық пара каратэ шеберлері әлем чемпионатында топ жарды.

Жарыс қортындысы бойынша, каратэнің ката түрі бойынша көру қабілеті зақымданған спортшылар санатында жерлесіміз Ләззат Жүсіпова алдына жан салмады. Ал, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санатында тағы бір жерлесіміз Дидар Мұхамеджанов әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, ұлттық ұрама елордада өткен ел чемпионда жасақталған болатын. Ол қазан айының басында өткен болатын.

Ел үздіктерінен құралған ұлттық құрама спортшылары енді желтоқсан айында өтетін Ташкент қаласындағы Азия чемпионатында бақтарын сынайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button