Жаңалықтар

Қоржында – қола жүлде

Ғұсман Қырғызбаев – Grand Slam турнирінің қола жүлдегері. Дәл қазір Изралиь астанасында дзюдодан халықаралық бәсеке өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні 60 келіге дейінгілер арасындағы сын өткен. Ел намысын қорғаған Ғұсман татамидегі тартысқа екінші айналымнан араласты. Ең алдымен бразилиялық Аллан Кувабаранмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Одан кейін әзірбайжандық Давуд Маммадсойға есе жіберді.  Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсті.  Кіші финалда украиналық Артем Лесюкпен кездесіп, «ваззари» ұпайымен жеңді. Осылайша, Ғұсман  отандық дзюдошылардың жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button