Жаңалықтар

Қола статусы берілді

«Астана марафоны» қола статусқа ие болды. Бұл жөнінде қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Айта кетейік, бұндай бағаны халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы береді және ТМД төңірегінде осы құрметке елорда алғаш ие болып отыр. Алғаш және әзірге жалғыз. Сәйкесінше, алдағы уақытта оның ауқымы одан сайын кеңейіп, қатысушылар саны еселенеді деген сөз.  Халықаралық марафон күні кеше қайта жанданған болатын. Ұзақ үзілістен кейін елорда төрінде бұқаралық жүгіріс ұйымдастырылды. Марафон 2 қашықтық бойынша, яғни, 42 және 10 шақырым бойынша өтті. Оған 45 қаладан 3 мыңға жуық адам жиналды. Санитарлық талаптар қатаң. Жүгіру алаңына «Ашық» жүйесі жасыл түсті қатысушылар жіберілді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button