Жаңалықтар

Қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай

Қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының алатаудай алыбы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, "Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы" басшысы Олжас Азатұлы арнау өлеңін жолдайды.

Қазақ елінің қазынасы –
Мұқағали Мақатаевқа

Ғасыр ақын дана тұлға алаштың,
Адуын адам алтын қалам шырақсың.
Абай жолын жалғастырып ақиқат,
Ақтарылды қара өлеңі қазақтың.

Ұлы ақын поэзияның атасы,
Мұзбалақ боп қыран құстай ұшасың.
Күллі қазақ мойындаған баласы,
Асқар таудай биік шың боп тұрасың.

Хан тәңірім құдретіңнен айналдым,
Қара сазда заңғар ақын жыр жаздың.
Батыр баба Райымбекте қолдайды
Шабыт келіп жалындаған абыздың.

Азу ақын өмір дастан қалдырды,
Жүрегінен тұңба өлеңдер ағылды.
Тау адамда төгіліп тұр ілтипат,
Тарих қалды Отан сүйгіш жас ұрпақ.

Әкімов Олжас

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button