Жаңалықтар
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Астана қаласының спортшысы 97 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, ақтық сында ирандық Амир Али Азарпираға қарсы күресті.
Тартысты өткен белдесуде Ризабек Айтмұхан жарысты екінші орынмен аяқтады.






