Жаңалықтар

Қазақ күресінен «АСТАНА ҚЫРАНЫ»

2016 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Астана қалалық іріктеу жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысы ақтық сайысына қатысатын балуандарды аңықтады. Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК спортшылары осы жарыста 4 алтын, 1 күміс, 3 қола орындарын иеленді. Астана қаласында 3-ші шілдеде өткізілетін «Қазақстан Барысы 2016» турнирінің ақтық сайысына Астана қаласынан біздің балунамыз АЙБАТ СЕЙТЕН  жолдама алды!

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сейтен Айбат – І орын (+100 кг, абсолюттік салмақ дәрежесі)

Спорт шебері Шегенов Талғат – І орын (60 кг)

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабитов Бақдаулет – І орын (66 кг)

Спорт шебері Шайзында Асыл – ІІ орын (74 кг)

Спорт шебері Әшім Сағындық – ІІІ орын (60 кг)

Спорт шебері Темирханов Данияр – ІІІ орын (82 кг)

Жеңімпаздарымыз және жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button