Жаңалықтар

Қ.Мұңайтпасұлының 147 жылдығына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир

Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінде Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 147 жылдығына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир мамыр айының 25-28 аралығында өтті.
Биылғы турнирге қазақстандық палуандармен бірге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 230 ға жуық спортшылар қатысты. Жалпы 9 салмақта өтетін жарысқа Әлем және Азия чемпиондары келген.
«Түйе балуан» сайысының финалында шардаралық Ерсұлтан Мұзаппаров «Қазақстан барысы» атағына ие болған шығыс қазақстандық Айбек Нұғымаровты жеңіп, автокөліке ие болды!
Толгай ЖСШМ спортшысы Сейтен Айбат туйе балуан салмакта 3 орынды жеңіп шықты.
Жеңімпазды және жаттықтырушысы Естек Ерланды құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button