Жаңалықтар

Олимпиада ойындары басталды

Токиодағы байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 23-ші шілдеге жоспарланған. Соған қарамастан командалық сындар өтіп жатыр. Мәселен, бүгін софтболдан іріктеу жарыстары басталды. Оның аясында жергілікті әйелдер құрамасы Аустралия спортшыларымен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті. Италия мен АҚШ арасындағы кездесуде 0:2, ал, Мексика мен Канада арасындағы матчта 0:4 есебі тіркелді.  Сондай-ақ бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де өтеді. Ал, қазақстадық спортшылар жарысқа 23-ші шілдеде араласады. Ең алғаш болып садақ ату және ескек есу шеберлері бақтарын сынайды. Қазір барлық спортшыларымыз соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Айта кетейік, ұлттық құрама Токио олимпиадасына 97 лицензия жеңіп алған болатын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button