Жаңалықтар
Нысана көздеуден Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

16–31 тамыз аралығы Шымкент қаласында өткен нысана көздеуден Азия чемпионатында Астана қаласының мергендері 1 алтын , 1 күміс және 1 қола медаль иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді. Дәлірек айтқанда, қыздар арасындағы скит командасынан Сорокина Ангелина 1 орынға ие болса, Сорокина жастар арасындағы аралас скиттен 3 орынды ерлеп шықты. Әйелдер арасындағы топтық скиттен Садакбаева Адель 2 орынды жеңіп алды.