Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай ширек финалда

10 боксшымыз ширек финалда. Сербия астанасында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні шаршы алаңға 6 жерлесіміз шықты және 6-ауы да жеңіске жетті. Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Серік Теміржанов, орта салмақтардағы Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Санатаәлі Төлтаев және Нұрқанат Райыстар жекпе-жектерін сәтті өткізіп, келесі кезеңге өтті. Бұған қоса, 80 келіге дейінгілер араксында Нұрбек Оралбай венгриялық Пал Ковачпен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп 5:0. Айта кетейік, ширек финалға жолдама алғандар көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін Ресей құрамасы келеді. Көрші елдің 8 спортшысы жарысты жалғастырып жатыр. Үздік үштікті Өзбекстан, Куба және АҚШ түйіндеп тұр. Әрқайсысында 6 боксшыдан бар. Енді жартылай финал жолдамасына талас басталады. Белградтағы бәсеке 7-ші қарашаға дейін жалғасады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button