Жаңалықтар
Мусин үздік үштікте
Жүзуден Белорусь елінің ашық чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Баттерфлай әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин үздіктер қатарынан көрінді. 100 м қашықтықты финалда 52.89 уақытта бағындырып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Ал әйелдер арасында 50 м қашықтықты 32.02 уақытта жүзіп өткен Аделаида Пчелинцева ел қоржынын екінші қоламен толықтырды. Өкінішке қарай, Аделаида арқамен жүзуде 100 м қашықтықты 1:04.32 көрсеткішімен финалда төртінші болып, жүлдеден тыс қалды.