Жаңалықтар

Мухамадиев Асаухат білікті күрес майталмандарының арасынан чемпион атанды

5 наурыз 2019 жылы Тараз қаласында грек-рим күресінен 1999-2001 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қаласының спортшылары қатысты. Жалпы саны 770 адам.

Астана қаласының құрама командасы мүшесі, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Мухамадиев Асаухат білікті күрес майталмандарының арасынан чемпион атанды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button