Жаңалықтар

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» .

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Жұбан Молдағалиевтің бұл өлеңі сонау  қиын-қыстау кезеңде жауға шапқан қазақ қыздарының ерлігін айтса, «Намысын бермеу үшін жатқа қолдан» өлең сөздері бүгінде қазақ қыздарының спорт саласында ойып тұрып орын алатын жетістіктерін бейнелейтіндей.

Осы тұста мектебіміздің мақтанышы, бір үйдің қос қарақат қыздары Ботагөз бен Ұлжан Дюсембаевалар спорт әлемінде 5 жыл ғана болса да талай белестерді бағындырып үлгерді.

Дюсембаева Ботагөз – Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы.

Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Бүкіләлемдік ойындарында мен Әлем чемпионатында да жүлделі орындарды иеленді.

Дюсембаева Ұлжан – екідүркін Әлем чемпионы (2017, 2018).

Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы.

Азия ойындарының қола жүлдегері.

Биылғы өткен Бүкіләлемдік ойындарының чемпионы.

 

Бүгінде Ұлжан, С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің студенті, әпкесі Ботагөзбен аталмыш университеттің спорт залында жаттығады. Жаттықтырушылары Сатпаев Ерлан Кабдуллович және Қалиев Секен Оралбайұлы.

Біз, «спортшылар жеңісі – жаттықтырушылар жемісі» дегенді алға тартып  қыздарменен осы төңіректе сұқбаттасқан едік. Назарларыңызға түрлі сұрақтар мен әсерлі жауаптар ұсынамыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button