Жаңалықтар

Маунтинбайк шеберлерінің жетістігі

Маунтинбайктен ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты аяқталды. Нәтижесінде спортшыларымыз 2 алтын және 1 күміске ие болды. Жарыс элюминатор және шорт-трек түрлері бойынша өтті. Бірінші күннің қорытындысы бойынша Мухамедьянов Темірлан ерлер арасында топ жарса, Стрельников Егор жасөспірімдер арасында бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Мұхамедьянов Темірлан күміс алқаға ие болды. Кочетков Михаил Александрович баптайтын қыз жігіттерді құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button