Жаңалықтар

Мақсат Сайлау – күміс жүлдегер

Дәл қазір Қазан қаласында ТМД елдері ойындары өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні классикттер бозкілемге шықты. 87 келіге дейінгіер арасында ел намысын Мақсат Сайлау қорғаған еді. Ол финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады. Бұған қоса, тағы 4 қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда Мадияр Мәулітқанов (63кг)  пен Дін-Мұхамед Қошқар (67кг)  күміс жүлдегер атанса, Асылбек Жәнібекұлы (130кг)  мен Расул Жүніс (77кг) қоланы қанағат тұтты. Қазан қаласындағы дода 11-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Қазірдің өзінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 12 күміс және 27 қола иемденіп, жалпы есепте үшінші тұр. Топ басында Ресей мен Өзбекстан құрамалары келеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button