Жаңалықтар

Күні кеше, 24 маусым, спорттық құзға өрмелеуден ел мақтанышы, Олимпиада квотасының иегері атанған Әмір Маймұратов елге оралды

Күні кеше, 24 маусым, спорттық құзға өрмелеуден ел мақтанышы, Олимпиада квотасының иегері атанған Әмір Маймұратов елге оралды.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Әмір Маймұратовты Алматы қаласы әуежайынан туыс-жақындары, спорт мамандары оның ішінде, спорттық құзға өрмелеуден Вице-президеті Бағлан Абдулайұлы Жүнісов, 1 Вице-президент Еран Қожабергенұлы Даримов қошеметпен қарсы алды.

Осы ретте, елордалық спортшыны «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов қызметтік демалысы кезеңінде қарсы алу мерекелік іс-шарасына арнайы қатысты. Және Олимпиада аламанында да жеңіске жетеді деген сенім білдіріп, «Жеңімпаздарға» атты арнау өлеңін оқып берді.

Айта кетейік, Әмір Венгрияның Будапешт қаласында өткен іріктеу турнирінде ел намысын абыроймен қорғады.
Байрақты бәсекеде жылдамдық бойынша күміс жүлдеге ие.
Және жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы ел қоржынына салды.

Бейнені қараңыз

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button