Жаңалықтар

Көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаева (Ресей) елордадалық гимнасшыларға арнайы шеберлік сабағын өткізді

9 желтоқсан  көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаева (Ресей)  елордадалық гимнасшыларға арнайы шеберлік сабағын өткізді. Ұйымдастырушы – елордалық көркем гимнастика федерациясы. Шеберлік-класс екі ауысымда өткізілді, оған 70-тен астам жас гимнасшылар қатысты. Белгілі көркем гимнастика шебері Евгения Канаева Қазақстанның жас буын көркем гимнастика шеберлеріне өзінің техникасы мен ерекше авторлық элементтерімен бөлісті.

Айта кетейік, Евгения Қанаева 6 жасынан бастап көркем гимнастикамен айналысады. Мансап барысында ол көркем гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008, 2012 ж.Пекин, Лондон), Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көркем гимнастикадан он жеті дүркін әлем чемпионы, көркем гимнастикадан бірнеше дүркін Еуропа чемпионы атанды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button