Жаңалықтар

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы өтті

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ•ОЛИМПИАДА•АСТАНА (@drs_olympic_astana)

19-21 қазан аралығында Астана қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.
Осы старттардан кейін Халықаралық старттарда Қазақстан атынан өкілдік ететін команда құрылады .
ҚР Кубогынан кейін Еуропа мен Америкадағы әлем кубогының кезеңдеріне , ҚРК қорытындысы бойынша Финляндиядағы жасөспірімдер Әлем кубогына құрам анықталды. Сондай-ақ, бұл жарыстар Канадада өтетін Төрт құрлық чемпионатына дейінгі маңызды бастама болып табылады.
Астана қаласы құрамасының барлық көшбасшылары осы жарыстарға іріктелді, соның ішінде:
Артемьева Маргарита
Ғалиев Артур
Жардембекұлы Алтай
Сағатов Бағдәулет
Гаврилов Демьян
Морозов Дмитрий
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз, Астана қаласының аға жаттықтырушысы Костин Владимир Валерьевич айтқандай: бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, медальдарды күтеміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button