Жаңалықтар

Кикбоксингтен Халықаралық Турнир.

Кикбоксинг.
3 мен 10 қазан айы аралығында Ресей мемлекеті Красноярск қаласында кикбоксингтен Сібір Кубогы Халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс жоғары деңгейде, мықты спортшылардың қатысуымен өтті. Толағайлық спортшыларымыз: Фазылхан Балғабай 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп құрметті – І орынды жеңіп алды.
Досымбай Азамат – 57 келі салмақ дәрежесі – І орын.
Нугманов Заир – 90 келі салмақ дәрежесі – І орын.
Бекенов Ердаулет – +91 келі салмақ дәрежесі – І орын.
Спортшыларымыз К1 бөлімінде төбелесіп барлық қарсыластарынан басым болды. Халықаралық жарыс алдында оқу-жаттығу жиынын, психологпен жұмыс жасап тыңғылықты дайындық өткізілді.
Чемпиондарымызды және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушыларды Рысмаганбетов Нұрболат Сабырович, Фахрутдинов Талип Галимжановиті Құттықтаймыз!!!

#Астанаспортивная #АсетИсекешев #Астана #Казахстан#Астана_Акимат #smileAstana

Фото Швсма Толағая.
Фото Швсма Толағая.

Ұқсас мақалалар

Back to top button