Жаңалықтар

Келесі кездесуге қатысты мәлімдеме

Данияр Елеусінов тамыз не қыркүйекте шаршы алаңға шығады. Қазір ол менеджерлерден нақты ақпарат күтіп отыр. Белгілісі – Данияр Triller Fight Club промоутерлік компаниясының жекпе-жек кешінде өнер көрсетеді. Бұл жөнінде кәсіпқой боксшы «Жетінші студия» бағдарламасында мәлімдеді. «Алдағы кездесудің мән-жайы құпия. Бірақ, кезекті қарсылас әлемдік үздік боксшылардың бірі болады» – деді жерлесіміз. Айта кетейік, Данияр қазір – еркін агент. Ол өткен айда ғана Matchroom Boxing компаниясымен әріптестікті тоқтатты. Ал, ең соңғы кездесуін былтыр қарашада өткізген еді. Бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы IBF Intercontinental белдігін иемденді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button