Жаңалықтар

Кәсіпқой жекпе-жек кешіне дайындық

Қазақстандық Нұрлыхан Сәдуақасов каратэден кәсіпқой жекпе-жек кешіне қатысады. Айтулы жарыс Болгарияның Варна қаласында өтеді. Бұл жөнінде жуырда ғана белгілі болды. Нұрлыхан бірер ай бұрын да осы бәсекеге бармақ болған. Бірақ, қалыптасқан жағдайға байланысты елден шыға алмады. Болгария тарапы да түсіністік танытып, оның уақытын шегерді. Осылайша жекпе-жек кеші енді 21-ші тамызда өтеді. 75 келіде өнер көрсететін Нұрлыхан жергілікті спортшыға қарсы шығады. Айта кетейік, жерлесіміз каратэнің кәсіпқой бағытында алғаш рет бағын сынағалы тұр. Нұрлыхан қазір бапкерімен және ұлттық құрамадағы басқа да спортшылармен елордада соңғы дайындығын пысықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button