Жаңалықтар
Калинкина Олеся — пауэрлифтингтен әлем чемпионы

2025 жылдың 10-19 қазан аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында классикалық және экипировкалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті.
Аса ауыр салмақ саналатын +84 кг санатында ел намысын қорғаған Калинкина Олеся қарсыластарының барлығын артта қалдырып, 1-орынды қанжығасына басты.
Спортшымыздың табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі – жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!