Жаңалықтар

Ильиннің рекордын жаңартты

Антропов Ильиннің рекордын жаңартты. Ауыр атлетикадан ел чемпионаты барысында жаңа жоғары нәтиже тіркелді. 102 келіге дейінгілер арасындағы сында Артем Антропов 385 келіні басынан асырды. Бұған дейін Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 380 келіні көтерген еді. Осылайша 20 жастағы қарағандылық спортшы рекордсмен атанды. Сәйкесінше, ел чемпионатында оған тең келер ешкім болмады. Екінші орын Нұржан Кеңесбекке, ал, үшінші орын Матвей Макрушинге бұйырды. Айта кету керек, Антропов өткен жылы да Илья Ильиннің көрсеткішін жаңартқан еді. Ол серпе көтеру сынында 216 келілік зілтемірді көтерді. Ильянің көрсеткіші 208 келіге тең. Бұған қоса, онлайн форматтағы ел чемпионытнда біздің дирекция өкілі Алтыншаш Оразбек жүлдеге ілікті. Ол 55 келіге дейінгілер арасында сынға түскен. Жұлқа көтеруге 69 келіне, ал, серпе көтеруде 90 келіні басынан асырды. Нәтижесінде, елордалық спортшы қола жүлдегер атанды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button