Жаңалықтар
Хабарландыру
Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға #тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.
Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Тұрғындар ағымдағы жылдың 29 сәуірде сағат 15:00-18:00 аралығы «Saryarqa» СОО алаңында құқықтық кеңес ала алады.
Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.