Жаңалықтар

Грек-рим күресінен Азия Чемпионаты.

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күнінде грек-рим күресінің балуандары 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. Қазақстан құрамасы бұл сында 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға ие болды.

Еліміздегі ең тәжірибелі балуандардың бірі, мектебімізідің мақтанышы Алмат Кебісбаев 67 келі салмақта күресіп өзіне тең келер қарсылас таппады. Осыдан 7 жыл бұрын ересектер арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет топ жарған Алмат осылайша, Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Финалда отандасымыз жапон балуаны Сухика Шимоямаданы жеңді.

Спортшымызды және грек-рим бөлімінің жаттықтырушы-оқытушыларын Құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button