Жаңалықтар

Грек-рим күресі: Түркиядағы дәстүрлі турнирде Бағдат Сабаз алтын медаль жеңіп алды

Бұл күндері Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада чемпиондары Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтіп жатыр.

Аталған жарыста грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте 4 медаль олжалады. Солардың бірі — ел намысын қорғаған Астана қаласының балуаны Бағдат Сабаз (-67 кг). Ол финалдық белдесуде жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Нәтижесінде Қонысбек Төкенов баптайтын Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпай жинап, 3-орынға тұрақтады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button