Жаңалықтар
Гандболдан Астана командасы күміс жүлдегер атанды

Алматы облысында ерлер командалары арасында өткен гандболдан жоғары лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының XXXIII чемпионаты өз мәресіне жетті.
Биыл ел біріншілігіне 6 командадан 120 спортшы қатысып, чемпиондық атақ үшін бақ сынады. Атап айтқанда, жарысқа Астана («Астана»), Шымкент («Шымкент»), Алматы облысы («Алатау»), Павлодар облысы («СДЮШОР-2»), Түркістан облысы («Тұран») және Қарағанды қаласы командалары қатысты.
Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде:
🥇 Түркістан облысының «Тұран» командасы — чемпион атанды,
🥈 Астана командасы — күміс жүлдегер,
🥉 Алматы облысының «Алатау» клубы — қола медаль иегері атанды.





