Жаңалықтар

Фитнес орталықтары әзірге жұмысын бастамайды

 

Елорданың фитнес орталықтары әзірге жұмысын бастамайды. Мұның себебін қала әкімі Алтай Көлгінов түсіндірді. «Спорт залдары ашылған жоқ. Таза ауада, яғни, көшеде, саябақтар мен гүлзарларда спортпен айналысуға рұқсат берілді. Ал фитнес орталықтарына қатысты санитарлық дәрігер әзірге ашпауға кеңес етті. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты аша алмаймыз», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінің  брифингінде.Дегенмен, елорда басшысы бұл мәселенің біртіндеп шешілетіндігін жеткізді. «Оның да уақыты келеді. Барлығы жағдайға байланысты. Ылғалды ортада тәуекел де жоғары», – деді Алтай Көлгінов.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button