Жаңалықтар

Елорданы Азия чемпионаты күтіп тұр

ЕЛОРДАНЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ КҮТІП ТҰР


23-24 шілде Нұр-Сұлтан қаласында триатлоннан U23 және U19 санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Чемпионат аясында кәсіби және жас тобындағы спортшылар арасындағы «2+1 эстафеталық жарысында» TEMIRADAM кубогының V -ші кезеңі және әуесқойлар арасында 1500 метрге жүзуден «TEMIRADAM Challenge» жарысы өтеді.

Жарыс әлемде триатлонды дамыту мақсатында өткізілуде.

Доданың негізгі мақсаттары:

– Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;

– Қазақстандық кәсіби спортшылардың, жаттықтырушылар мен төрешілердің шеберлігі мен біліктілік деңгейін арттыру;

– Ең мықты спортшыларды анықтау.

Өткізілетін күні: 23-24 шілде 2022 жыл

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Триатлон саябағы

23 шілде

Жарыстың басталуы – 7:00

Марапаттау рәсімі – 16:30

24 шілде

Жарыстың басталуы – 08:00

Марапаттау рәсімі – 12:30

Сайыстың бас төрешісі: Mr.Byambaa Tsagaanbaatar (Моңғолия)

Байқауды ұйымдастырушылар:

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

– Қазақстан Республикасының Спортты дамыту дирекциясы;

– Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі;

– World Triathlon;

– «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігі;

– «Nur-Sultan Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігі

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button