Жаңалықтар
Елордалық спортшылар пара дзюдодан Азия ойындарында топ жарды
Тарихи сәт, Ханчжоуда өтіп жатқан ІV пара Азия ойындарында пара дзюдодан алғаш рет қазақ майталмандары чемпиондық атақты қорғады.
Нәтижесінде, J1 санаты бойынша 73 келі салмақ дәрежесінде Ерғали Шамей финалдық белдесуде Аслан Нұрдаулетовті 10:0 есебімен ұтып жеңіске жетті.
Аслан Нұрдаулетов – күміс, Арыстанбеков Бауыржан – қола медаль иеленді.
Айта кетейік, күні кеше J2 cанаты, 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақмарал Науатбек алғашқы алтын медальді ел қоржынына салған болатын.