Жаңалықтар

Елордалық спортшылар эстетикалық топтық гимнастикадан республикалық чемпионатта үздік үштікке енді

2025 жылдың 16–17 қазанында Өскемен қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан барлық жас санаттары арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты додаға елдің түкпір-түкпірінен үздік командалар қатысып, жоғары шеберліктерін көрсетті.
Елорда намысын қорғаған 14–16 жас санатындағы команда жүлделі 3-орынға ие болды.
Құрама қатарындағы спортшылар:
• Исаева Алуа
• Абдрахманова Мадина
• Турегельдина Малика
• Садыкова Дильназ
• Еркебай Аянат
• Шаяхметова Инаят
• Бижанова Саида
Бұл жеңіс – жас гимнастарымыздың табандылығы мен еңбегінің жемісі!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button