Жаңалықтар

Республикалық турнирде топ жарды

Елордалық пара-каратэшілер республикалық турнирде өз шеберліктерін көрсетті. 3 алтын, 3 қола!

Бүгін әлем чемпионы Әшім Қалидің жүлдесі үшін WKF AKTOBE OPEN 2021 каратеден 20-шы мерейтойлық республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Аталмыш турнирдің қорытындысы бойынша біздің спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

Жүсіпова Ләззат – 1 орын

Бексырғаұлы Керім – 1 орын

Никитин Данил – 1 орын

Сакбосынов Данияр – 3 орын

Нұрмашамбетова Алина – 3 орын

Науқан Темірхан – 3 орын

«Турнир жыл сайын өтеді, бүгінде спортшылар саны артып келеді, карантиннен кейін бұл біз үшін алғашқы жарыс. Бір жыл бойы жарыстарға қатыспасақ та, спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, достарынан тәжірибе жинағанына өте қуанышты. Бұл спортта бөтен адамдар жоқ, біз бәріміз бір үлкен отбасы сияқтымыз»,-деді пара-каратэ бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бас жаттықтырушысы Дукуева Мейрамгул.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button