Жаңалықтар
Елордалық гимнаст Айғаным Рысбек халықаралық турнирде күміс пен қола жүлдеге ие болды

Қытайдың Пекин қаласында өткен «Небесная грация» халықаралық турнирінде Астана қаласының жас гимнасты Айғаным Рысбек үздік нәтиже көрсетіп, екі бірдей жүлделі орынға ие болды.
Аталған жарысқа 30 елдің үздік гимнастары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Айғаным жоғары шеберлік көрсетіп, доппен орындаған жаттығуы үшін 24,25 балл жинап — қола медаль, ал лентамен орындаған бағдарламасы үшін 25,75 балл жинап — күміс медаль иеленді.
Айғанымның жаттықтырушысы — Балгинбаева Меруерт Төлегенқызы,
хореографы — Айдыс Саая Алексеевна.





