Жаңалықтар

ТАШКЕНТТЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар «батасын» беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

Естеріңізге сала кетсек, Белградта өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль (2/2/1) иеленген болатын. Сербия астанасындағы жаһан біріншілігінің 3 бірдей финалисі (әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, күміс жүлдегерлер – Махмұд Сабырхан мен Серік Темиржанов) Ташкент шаршы алаңында өнер көрсетеді.

Әлем чемпионатының басталуына тура бір апта қалды. Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді.
Ұйымдатырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысады деп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша анықталады.

Боксшылар додасының тікелей трансляциялары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирінен көрсетіледі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button