Елордалық боксшылар Азия чемпионы атанды

«Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов, Иорданияда бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған спортшыларды қабылдады.
Мекеме басшысы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық бірінші орын жеңіп алғанын ерекше атап өтті. Қоржынға 16 алтын, 15 күміс және 13 қола медаль түсті.
Айтулы жарыста ел намысын қорғаған елордалық спортшылар да жарқын жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 54 келі салмақта Досжан Жұмахан және 75 келі салмақта Санжар Матасов алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, Досжан Жұмахан Азия чемпионатының «Үздік боксшысы» атағын иеленді.
«Бұл құрлықтық додаға Азияның 25 елінен 350-ге жуық спортшы қатысты. Еліміз 18 елдің арасынан үздік шықты» – бокстан қалалық аға-жаттықтырушы Бейбут Масабаев.
Жеке бапкер: Адлет Сагиранов
https://www.instagram.com/reel/DJjcUo2Mrf7/?igsh=dWgyNWQ3a21qMzEx