Жаңалықтар
ЕЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫ РИММА ВОЛОСЕНКО ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ
Нью-Делидегі әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Қазақстан сапынан жерлесіміз Римма Волосенко шықты. Ол Өзбекстандық Ситора Турдибекодан басым түсіп, жарыстың келесі айналымына өтті.
Бәсекеде сынға түскен қос спортшы үш раунд бойы тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, өзара мықтыны төрешілер шешімімен анықтады.
Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті (4:1). Римманың келесі қарсыласы Сербия өкілі Наталья Шадрина.