Жаңалықтар

ЕЛОРДАЛЫҚ АЗАМАТ ҚҰСТЫБАЕВ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін Астана төрінде өтіп жатқан күрес түрлерінен грек-рим әдісі бойынша сайыстар өз мәресіне жетті.

Бүгін Астана төрінде өтіп жатқан күрес түрлерінен грек-рим әдісі бойынша сайыстар өз мәресіне жетті.

Ел біріншілігінің екінші күнінде грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтады.

87 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде қос Астана балуанының жолы түйісіп еді. Алайда Мақсат Сайлаудың жарақатына байланысты Азамат Құстыбаев аталған салмақта ел біріншілігінің алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Бұған дейін жазғандай, жарыстың алғашқы күнінде елордалық грек-рим күресінің шебері Айбек Айтбеков өз салмағында күміс жүлдегер атанған болатын.

Осылайша грек-рим күресінің жалпы 10 салмақ жүлдесі бойынша Астана қаласы 1 алтын 2 күміс медальмен төртінші орынға тұрақтады.

Енді ертең бозкілемге бұрымды балуандарымыз шығады.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шебері қатысып жатыр.

Айта кетейік, бәсеке 5 ақпанға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button