Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

 

Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов және Q4Тулпар автвкөлік сауда үйінің директоры әрі турнирдің демеушісі Талғат Сақан қатысып, жарыс жолына шыққан барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Грек-рим күресінен өтіп жатқан турнир он салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

Айта кетелік, балуандар бәсекесі Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 13 наурызға дейін өтеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button