Жаңалықтар

Елордада дзюдо орталығы ашылды

Елордада спорттық инфрақұрылымдар қатары артты. Қаланың қақ төрінен дзюдо орталығы ашылды. Оның негізгі залы 410 , ал, жалпы аумағы 720 шаршы метрді құрайды. Сәйкесінше, бір мезетте 100 адам жаттығуға қатыса алады. Оның ашылу салтанатына құзырлы министрлік пен республикалық федерация басшылығы қатысты. Айтуларынша, бұл үлкен көштің басы ғана. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында осындай тағы бірқатар орталықты ашу көзделіп отыр. Әсіресе, өңірлерді, оның ішінде облыс ортаығынан шалғай жатқан елдімекендерді қамтуға басымдық беріледі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button