Жаңалықтар
Елорда құрамасы Бангкоктағы әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

2025 жылдың 1–15 қараша аралығында Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер және U21, U18, U16 жас ерекшеліктері бойынша Әлем чемпионаты өтуде.
Аталған дүбірлі додаға 59 мемлекеттен 1095 спортшы қатысып жатыр.
Елорда құрамасы жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері бойынша тамаша нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 6 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
🏆 Астана қаласының чемпиондары:
•🥇 Кабдуллаев Мерей — U21, 85 кг, неваза
•🥇 Алиакпаров Абдурахман — U16, 77 кг, неваза
•🥇 Рузахунов Кемаль — U16, 69 кг, неваза
•🥇 Алибек Али — U16, +77 кг, неваза
•🥇 Безрукова Линара — U16, 57 кг, неваза
•🥇 Цой Анеля — U18, 48 кг, неваза
🥈 Күміс жүлдегерлер:
•Казтаев Бекзат — ересектер, 56 кг, неваза
•Капан Камила — U18, 52 кг, неваза
🥉 Қола жүлдегер:
•Мехдиева Джамиля — U16, 48 кг, неваза




