Жаңалықтар
Елорда гимнастшылары Қазақстан чемпионатында 13 жүлде жеңіп алды

Алматы қаласында 29 қыркүйек – 5 қазан аралығында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 7 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Елорда командасы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 13 жүлдеге ие болды: 2 алтын, 5 күміс және 6 қола.
Жекелей нәтижелер бойынша:
- Досполова К. – Екі сырықтан 1-орын, тіреп секіруден 3-орын, еркін жаттығудан 2-орын
- Патанин Д. – сақиналар 1-орын, екі сырық 2-орын
- Жигалкина М. – көпсайыс 2-орын, еркін жаттығу 2-орын
- Мукушева А. – тепе-теңдік бөренесінен 2-орын, екі сырық 3-орын
- Халимарден А. – көпсайыс 3-орын
- Шамшитдинова А. – екі сырық 3-орын
- Мухан Э. – тепе-теңдік бөренесінен 3-орын
- Акимжанов А. – сақиналар 3-орын