ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Еліміздің ең танымал маманы Александр Артемьевич Сидоровтың 80 жас мерейтойы

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан “Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы” басшысы Данияров Бағдат Болатұлы еліміздің ең танымал маманы Александр Артемьевич Сидоровты бүгінгі 80 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайтты.

Бүгін ауыр атлетикадан еліміздің ең танымал мамандарының бірі Александр Артемьевич Сидоровтің 80 жылдық мерейтойы. Осы орайда спорт саласының мамандары мен Александр Артемьевичтің тәлімгер-шәкірттері туған күн иесінің шаңырағында бас қосып, ізгі тілектерін арнады. Оның ішінде әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан Республика сының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Илья Александрович Ильин де өз алғыс тілектерін айтты.

Сондай-ақ, Александр Артемьевичтің бүгінде шәкірттері арасында бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы, Сеулдегі Олимпиада ойындарының жеңімпазы және Атлантадағы Олимпиада жүлдегері Анатолий Храпатыйды ерекше атап өту керек.

Құрметті Александр Артемьевич, Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button