Жаңалықтар

Дзюдошыларымыз алдына жан салмады

Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы спартакиада өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері парадзюдо өкілдері өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, жалпы есепте жергілікті спортшылар топ жарды. Олардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола бар. Атап айтқанда, Азамат Жамауов өз салмағында топ жарды. Күміс жүлде Бауыржан Қайранов пен Нұржайна Жаннетоваға бұйырды. Ал, Бауыржан Арыстанбеков, Ерғали Шәмей және Қайрат Шаймерденовтар қола жүлдегер атанды. Жалпы есепте екінші орынды Алматы облысының спортшылары алса, атыраулықтар үздік үштікті түйіндеді. Спортшыларды елордалық мүгедек спортшыларға арналған мектептің басшысы Нұржан Өміржанұлы Әубәкіров, сондай-ақ Токиода өткен Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері Теміржан Дәулет пен Әнуар Сариев марапаттады. Айта кетейік, спартакиада 14 бағыт бойынша өтеді. Енді жарыс алаңына паратаэквондо, нысана көздеу, жеңіл атлетика және жүзу шеберлері шығады. Спорттық сайыс 5-ші қазанға дейін жалғасады.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button