Жаңалықтар
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додода топ жарған елордалық спортшы – Ерболат Сыздық 50 келі салмақ дәрежесінде жүзден жүйрік деп танылды. Алтын жүлдемен елге оралған Ерболат 5 жыл спорттық тәжірбиесінің нәтижесінде жеткен жеңісін шеберлігімен ұштастырады.
Айта кетейік, Тайландтың Банкок қаласында өткен жарысқа 16 елден 180 астам дзюдо шеберлері қатысты. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапынан барлығы 20 спортшы қатысып, нәтижесінде 4 алтын, 3 күміс, 6 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде ІІ орынға ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram