Жаңалықтар

Дзюдодан тартысты жарыс өтті.

Тағы да жеңіс!

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында «QAZAQ MEAT»ЖШС кубогына арналған ІІІ дәстүрлі республикалық турнир өтті. Дәстүрлі турнирге еліміздің әр өңірінен 100-ден астам дзюдошылар қатысты.

Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының қоржынында 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медальдармен толықты. Қорытынды сынақта жалпыкомандалық 1 орынды иеленді.

Жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен спортшылар:
Хаби Алтынай ( 63 кг) – 1 орын
Дауылбаев Самат (60 кг) – 1 орын
Амангелді Мади (81 кг) – 1 орын
Тоқтасынұлы Тілек (73 кг) – 1 орын
Аблаев Бекзат (+90 кг) – 2 орын
Естеріңізге сала кетейік, жарыс ағымдағы жылдың 24 тамызында өтті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button