Жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды! 

17-20 қазан Нассауда (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа 67 елден 427 спортшы, қазақ елінен 18 спортшы қатысты. Чемпионаттың соңғы күні жарыстың аралас түрінен құрама команда Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Оның ішінде, 48 келі салмақта «Толағай» Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшысы, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР Спорт шебері Науатбек Ақмарал қатысты. Қазақстан құрамасы алғашқы белдесуін Германия командасымен өткізіп, 5:1 есебімен ұтты. Финалға шығу белдесуінде Бразилия командасына 1:5 есебімен ұтылып, 3 орынға күресте 5:3 есебімен Франция командасын жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Жастар арасында Қазақстан құрама командасын, Ақмаралды және оның жаттықтырушысы Марат Саруарұлы Омаровты құттықтаймыз! 

#JudoKAZ#Bagamy#kazakhstanastanasport#shvsmtolagai#madeniet_sport.astana#

Ұқсас мақалалар

Back to top button